Біз жайлы
documentterkz.com – бұл өздерінің тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген Synergy Partners Заң Фирмасы заңгерлерінің жобасы. Осылайша сапалы заңгерлік қызметтер пен құжаттарға кедергілер азаяды деген сенімдеміз.
Өкінішке орай, заң фирмаларының қызметтері жеке тұлғалар мен шағын бизнес үшін өте қымбат болып келеді. Алайда, біздің ойымызша, бұл жобамыз арқылы заңгерлік қызметтерге қолжетімділік артады.
Әрине, бұл бастамамызда кез-келген жағдайға арналған құжаттар жоқ, бірақ біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және әлі де құжаттарды толықтыра жатармыз.
Қолжетімді жоғары сапалы құқықтық құжаттар. documentterkz.com сервисі – бұл:
- Түсінікті және ыңғайлы құжаттар. Біздің барлық құжаттар қарапайым тілмен жазылған, түсінуге жеңіл және олармен жұмыс істеу оңай. Біздің құжаттар сіздердің құқықтарыңызды толыққанды қорғауы үшін заңгерлер 100 қадам алға ойластырып қойды. Біздің құжаттарда ешқандай артық зат жоқ, солай бола тұра ең басты заттар егжей-тегжейлі қарастырылған. Бұндай түсінікті құжаттарды кез келген күрделі жағдайға оңай бейімдеуге және өзгертуге болады.
- Жоғары сапа. Барлық құжаттарды 15-20 жылдық тәжірибесі бар заңгерлер құрды. Оған қоса әрбір құжатты сотқа қатысатын заңгерлер тексерді, себебі күнделікті сотқа қатысатын кәсіби мамандар құжатты сот екі ойлы болмайтындай құра алады және сіздерді сотта қорғай алады.
- Стандартты құжаттар. Біз қызметіміздің сапасын өзіміз құрған құжаттарға көшірдік. Осылайша жиі кездесетін жағадайлар үшін стандартты құжаттар дүниеге келді. Енді сіздерге ғаламтор желісінен түрлі құжаттарды іздеудің қажеті жоқ, себебі біздің жобамызда барлығы дайын тұр.
- Құжатты сіздің нақты жағдайығызға бейімдеу мүмкіндігі. Егер сіз біздің құжатты сатып алған болсаңыз, біздің заңгерлер сол құжатты сіздің нақты жағдайыңызға оңай әрі көп уақыт кетірмей бейімдей алады. Себебі бұл құжаттарды біз өзіміз құрдық және құжаттардың құрылымын, іске асу механизмін жатқа білеміз.