documentterkz.com ресурсындағы құжаттар мен басқа да зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға Пайдаланушының келісімі (бұдан әрі – Келісім)
Осымен мен Келісімнің барлық шарттарын оқып, олармен келісемін. Қазақстан Азаматтық Кодексінің 395, 396-баптарына сәйкес, осы Келісім жария оферта болып табылады (мәміле жасау ұсынысы), Ал Сіздің оны қабылдауға келісіміңіз оферта акцептін білдіреді (мәміле жасау ұсынысын қабылдау). Оферта акцепті Тараптардың Келісім жасасу ұсынысын қабылдағанын білдіреді, бұл шарт жасасу нысаны болып табылады. Акцепт "Тапсырысты ресімдей отырып және белгі қоя отырып, Сіз Пайдаланушы келісімінің шарттарымен толығымен келісетініңізді және қабылдайтыныңызды растайсыз" деген белгіні басу болып табылады.
Осылайша, Тараптар осы Келісімді келесідей шарттарда жасасты:
1. Қолданылатын терминдер
1.1. Ресурс немесе Веб сайт немесе Сайт – documentterkz.com білдіреді;
1.2. Компания – «Synergy Partners Advisers» ЖШС білдіреді;
1.3. Пайдаланушы – Келісім тарабы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді, Келісім мен Қазақстан заңнамаларынан туындайтын құқықтары мен міндеттерді иеленеді.
1.4. Құжат немесе Құжат Жобасы – Компания әзірлеген және құжат жобасы түрінде ұсынылған құжат жобасының кез келген түрін білдіреді, мысалы шарт жобасы, келісім жобасы. Сондай-ақ, Құжатқа Нысан (Форма), мысалы, демалысқа өтініш формасы және басқа да нысандар жатқызылуы мүмкін.
1.5. Зияткерлік меншік – зияткерлік меншіктің барлық объектілерін, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: Компанияға тиесілі сауда маркаларын, өнеркәсіптік үлгілерді, ноу-хауды, тауар белгілерін, авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін білдіреді.
1.6. Дербес деректер – Пайдаланушының Тегі, Аты, Әкесінің аты, электрондық пошта атауы, ұялы телефон нөмірі және басқа да деректерді қоса алғанда, бірақ шектелмей, Пайдаланушыға қатысты кез келген деректерді білдіреді.
1.7. Сайт Мазмұны – Құжаттарды немесе Құжат жобаларын, Компанияның зияткерлік меншігін, дизайнын, Сайттың сыртқы түрін білдіреді.
1.8. Құпия деректер – Тараптар бір-біріне берген ақпаратты, мәліметтерді білдіреді.
2. Келісімнің Мәні
2.1. Компания ақыға және бағаға Пайдаланушыға Құжат Жобасын ұсынады, ал Пайдаланушы Құжат Жобасы үшін Келісімнің шарттарына сәйкес ақыны алдын ала төлеп, Құжат Жобасын жүктейді.
3. Құжат Пішімі
3.1. Барлық құжаттар веб-сайтта Microsoft Word 2010 нұсқасы * .docx форматында ұсынылған.
3.2. Пайдаланушының сұрауы бойынша, Компания Пайдаланушыға Құжаттың Жобасын әмбебап * .rtf форматында жіберуге тырысады, алайда бұл мерзім Пайдаланушыдан сұрау түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы керек.
3.3. Пайдаланушы 3.2-тармақта көрсетілген форматтағы Құжатты алу үшін компанияның электрондық поштасына жазбаша сұрау жіберуі тиіс. Пайдаланушы сұрауды Келісімнің 1-Қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес жіберуі тиіс.
4. 4. Қызмет көрсету жайлы мәлімет
4.1. Құжаттардың сапасы Құжаттардың «Synergy Partners Advisers» ЖШС заңгерлерінің тапсырысы бойынша жасалғандығымен расталады.
4.2. Барлық Құжаттарды "Synergy Partners Advisers" ЖШС-нің заңгерлері әзірледі, олар сот талқылауларында тәжірибесі бар және Қазақстан соттарында мүддесін білдіруге құқылы заңгерлер. Құжаттарды жасаған заңгерлер құқықтық кеңес палаталарының мүшелері болып табылады.
4.3. Пайдаланушы Құжаттардың барлық жобалары стандартты жағдай үшін әзірленгенін түсінеді және келіседі.
4.4. Егер Пайдаланушыда өзге жағдай немесе Пайдаланушы жасасқысы келетін мәміле үшін өзге де нақты мән-жайлар болса, онда мәміле жасасудан бұрын, Құжатқа қол қоюдан бұрын, Пайдаланушы компанияға тиісті кеңеспен немесе пайдаланушының қалауы бойынша басқа да заң консультанттарына жүгінуі қажет.
5. Ұсыныстар
5.1. Егер жағдай, нақты мән-жайлар, міндеттер, пайдаланушының мәміле параметрлері стандартты жағдайдан өзгеше болса және қосымша кеңес беруді талап етсе, Компания Пайдаланушыға Құжаттың жобаларын немесе Құжатты тек Компаниядан немесе кез келген өзге заң консультанттан кеңес алғаннан кейін пайдалануды ұсынады.
5.2. Компания Пайдаланушыға Құжатқа дербес өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізбеуді ұсынады. Мұндай өзгерістерді заң білімі мен тәжірибесі бар заң консультанттары енгізуі тиіс.
5.3. Компания Пайдаланушыға оның жағдайына қарай Құжатты бейімдеу үшін заң кеңесшілеріне жүгінуге кеңес береді. Компания сондай-ақ осындай қызметтерді көрсетеді.
5.4. Заңнама мен сот тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отыратындықтан, Компания Пайдаланушыға заңнамадағы соңғы өзгерістерді тексеруге кеңес береді. Компания пайдаланушыға қосымша ақы үшін осындай қызметті көрсете алады.
5.5. Компания Пайдаланушыға Құжат жобасын сатып алғаннан кейін бір ай ішінде қолдануды ұсынады.
5.6. Компания Пайдаланушыға ұқыпты болуды және банк карточкасының деректерін, парольдерді үшінші тұлғаларға жарияламауды, сондай-ақ банктің ұсынымдарын орындауды ұсынады.
6. Төлем және оның шарттары
6.1. Барлық Құжаттардың құны сайтта көрсетілген.
6.2. Пайдаланушы Құжаттың бағасын 100% алдын ала банк картасы арқылы төлейді.
6.3. 100% алдын ала төлемнен кейін Компания Пайдаланушының электрондық поштасына Келісімнің 3 -бөлімінде көрсетілгендей Құжатты жүктеу сілтемесін жібереді.
6.4. Пайдаланушы техникалық мәселелерге байланысты сілтеме 1,5 сағат ішінде жарамды болғандықтан, бірден жіберілген сілтемені пайдалануға тиіс екендігін түсінеді және келіседі.
6.5. Компания Пайдаланушының сұрауы бойынша оған бухгалтерлік құжаттарды Құжатты 100% төлегеннен кейін ұсына алады:
6.5.1. ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық бухгалтерлік Құжаттар -тегін;
6.5.2. Бухгалтерлік Құжаттар қағаз нұсқасында – 1200 теңге. Бұл жағдайда Компания Пайдаланушыға мұндай Құжаттарды Курьерлік қызмет арқылы пайдаланушы көрсеткен мекен-жайға жібереді.
7. Қайтару және құжат
7.1. Пайдаланушы кез-келген жағдайда, соның ішінде Пайдаланушы Құжатты сатып алып, бірақ оны жүктемеген немесе пайдаланбаған жағдайда, Компанияға төленген ақшаны қай-тармайтындығын толық келіседі және түсінеді.
8. Келісімнің жаңа редакциясы
8.1. Тараптар Компанияның әр Пайдаланушыға арнайы хабарландырусыз осы Келісімге біржақты тәртіппен кез келген өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар екеніне то-лық келіседі және түсінеді.
8.2. Келісімнің жаңа редакциясы Сайтта жария-ланған сәттен бастап күшіне енеді. Егер Пай-даланушы Келісімнің жаңа нұсқасы жария-ланғаннан кейін құжаттарды жүктеуді жалғастырса, Пайдаланушының мұндай әре-кеттері Пайдаланушының Келісімнің жаңа шарттарымен толық келісетіндігін білдіреді.
9. Тараптардың жауапкершілігі
9.1. Егер Пайдаланушы Компаниямен алдын ала келісусіз дербес құжатқа өзгертулерді енгізсе немесе Пайдаланушы құжаттың толық сипат-тамасын оқымаса немесе веб-сайтта көрсетіл-ген Компанияның ұсыныстарын орындамаса, Компания Құжаттың мазмұнына жауап бер-мейді.
9.2. Компания Құжаттың жобасын пайдалану нәтижелері үшін жауапкершілік көтермейді, өйткені Пайдаланушы заң бойынша өз еркімен өз бетінше шешім қабылдайды, және Пайдала-нушы кез-келген келісімдерге, келісімшарт-тарға, мәмілелерге қол жеткізуге құқылы.
9.3. Компания Пайдаланушының компьютеріне, Интернетке қосылуына, Антивирустық бағдарламаларға, Сайтты пайдалануға және құжаттарды жүктеуге жауап бермейді. Компа-ния Пайдаланушының Сайтқа үздіксіз қосы-луына жауап бермейді.
9.4. Компания Пайдаланушының интернеттегі кез-келген әрекеті үшін жауап бермейді.
10. Зияткерлік меншік
10.1. Сайтта, оның ішінде Сайтта орналастырылған барлық нысандар мен Сайттың мазмұны, со-ның ішінде тауарлық белгілер, компания атауының дизайн элементтері, құжаттар, мәтіндер, графика, иллюстрациялар, бейнелер, музыка және Сайтта орналастырылған кез-келген басқа объектілерді қоса алғанда, Ком-панияның зияткерлік меншігі болып табылады ( бұдан әрі - Зияткерлік меншік деп аталады). Компанияның зияткерлік меншік құқығы мерзімсіз әрекет етеді.
10.2. Егер Пайдаланушы Компанияның зияткерлік меншік құқығын қандай-да бір жолмен бұзса, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, Ком-панияның Веб-сайтында ұқсас сайттар, ресур-стар құру, құжаттарды қайта сату, жеке меншігі ретінде шығару, Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді және Пайдаланушы Ком-панияға келтірілген барлық шығындар үшін өтемақы төлеуге мәжбүр болады.
10.3. Осы Пайдаланушы келісіміндегі ешқандай тармақ Пайдаланушыға Қомапнияның зият-керлік меншік құқығын бермейді.
11. Жеке мәліметтер және зияткерлік меншік
11.1. Осы арқылы Пайдаланушы Компанияға өзінің жеке мәліметтерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, үшінші тұлғаларға беруге, сондай-ақ Компа-нияның Пайдаланушы туралы жеке мәлімет-терін үшінші тұлғаларға трансшекара арқылы жіберуге жазбаша келісімін береді.
11.2. Компания басқа тұлғалардың Пайдаланушы-ның жеке мәліметтерін рұқсатсыз алуы үшін жауап бермейді.
11.3. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Пайдаланушының жеке деректерін жария етуге құқылы.
11.4. Тараптар бір-бірінен алынған құпия ақпаратты жария етпеуге міндеттенеді.
12. Дауларды шешу
12.1. Келісімді орындау барысында немесе оған байланысты туындайтын барлық дауларды, келіспеушіліктерді (ары қарай – даулар) Тараптар күнтізбелік 30 күн ішінде келіссөздер арқылы шешеді(ары қарай-сотқа дейінгі тәртіп).
12.2. Егер Тараптар дауларды сотқа дейінгі тәртіп арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде шеше алмаса және Келісім тараптары жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар болса, онда даулар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында реттеуге жатады.
12.3. Егер Тараптар дауларды сотқа дейінгі тәртіп арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде шеше алмаса және Келісім Тараптарының бірі жеке тұлға болса, онда даулар Алматы қаласының Медеу аудандық сотында реттеуге жатады.
13. Компанияның жұмыс тәртібі
13.1. Компания кеңсесінің жұмыс тәртібі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
13.2. Компания кеңсесінің жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін.
13.3. Компанияның кеңсесі демалыс күндері, мереке күндері Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңнамасына сәйкес жұмыс істемейді.
.
14. Қорытынды ережелер
14.1. Осы Келісім орыс тілінде жасалды.
14.2. Тараптар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңнамасымен қоса, Келісімнің Қазақстанның заңнамасына сәйкес келетінін түсінеді және келіседі.
14.3. Келісім, сондай-ақ Келісімді орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіруге жатады.
14.4. Келісімнің жекелеген ережесінің жарамсыздығы Келісімнің қалған ережелерінің жарамсыз болуына әкеп соқпайды.
14.5. Осы Келісімге және сайттың жұмыс істеуі бойынша барлық мәселелерге, оны пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына байланысты жеке және заңды тұлғалардың, Компанияның өтініштері, ұсыныстары мен шағымдары Компанияның электрондық мекенжайына жіберілуі мүмкін: info@documentter.kz.
Қосымша 1
Құжаттарды және басқа да зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған Пайдаланушылық келісім documentterkz.com ресурсынан алынды
1. Пайдаланушы құжатты *.rtf әмбебап файл пішімінде алу үшін Компанияның келесі электрондық поштасына жазбаша сұрау жіберу керек: info@documentter.kz.
2. Пайдаланушы келесі ақпаратты көрсете отырып сұрау салуды жіберуі тиіс:
2.1. Пайдаланушының ФИО;
2.2. Ұялы телефон нөмірі;
2.3. Пайдаланушының ЖСН, жеке куәлігінің деректері;
2.4. Тапсырыс нөмірі;
2.5. Құжат жобасының төленгенін растайтын құжат;
2.6. Өзге де деректер.